Арнайы жасақ – тәртіп пен төзімділіктің мектебі. Ал осы талапқа сай болу – әркімнің қолынан келе бермейді. Бүгінгі кейіпкеріміз – Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Нұрсұлтан Жақыпов.
Нұрсұлтан Жақыпов – мұнда 2020 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бала күнгі арманы – арнайы жасақта қызмет ету болған. Сол мақсатқа жету үшін бірнеше ай бойы үздіксіз дайындалып, қатаң іріктеуден өткен. Оның айтуынша Арнайы жасақтағы әр күн нақты жоспармен басталады. Таңғы сап, тапсырмаларды пысықтау, арнайы дайындық – мұның бәрі қызметтің ажырамас бөлігі.
Снхр: НҰРСҰЛТАН ЖАҚЫПОВ – ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҚТЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Таңғы уақыт сап түзетуден басталады, күндік жоспар хабарланады. Осы кабинетте арнайы жасақ дайындықтан өтеді. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарады. Кез келген уақытта дабылмен көтеріліп, шұғыл тапсырмаларға шығуға дайын.
Мұндай қызмет жоғары физикалық дайындықты талап етеді. Сондықтан жаттығу – күнделікті жұмыстың бір бөлігі. Нұрсұлтан үшін спорт – тек қызметтік талап емес, өмірінің бір бөлігі. Бүгінде ол әлемдік жарыстарда ел намысын қорғап, жоғары нәтижелерге жетіп жүр.
Снхр: НҰРСҰЛТАН ЖАҚЫПОВ – ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҚТЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Мұндай қызмет тек физикалық емес, психологиялық тұрғыдан да төзімділікті қажет етеді. Әріптестерінің айтуынша, Нұрсұлтан – осы талаптарға толық сай келетін қызметкер.
Снхр: САМАТ ЖАНТАСОВ – ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҚТЫҢ КОМАНДИРІ
Қызмет пен спортты қатар алып жүрген Нұрсұлтан Жақыпов үшін бастысы – тәртіп, табандылық және ел алдындағы жауапкершілік. Оның күнделікті еңбегі мен спорттағы жетістігі бір-бірін толықтырып, кәсіби біліктілігін одан әрі шыңдай түсуде. Осындай мақсатшыл мамандар – арнайы жасақтың беделі мен күшінің негізі.