Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында тазалық акциясы өтті. Қаладағы мектептер мен оқу орындарының еріктілері 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған ескерткіш аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, айналасын ретке келтірді.


Мұндай бастамалар жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастырып қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады. Ескерткіш орындарды абаттандыру – жай ғана экологиялық іс-шара емес, тарихи мұраны сақтауға бағытталған маңызды жұмыс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара Жеңіс күні қарсаңында өткізіліп отыр.


СНХ: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Юсуф Хабибов «Таза Қазақстан» акциясына бірнеше рет қатысқан. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарды біріктіріп, туған қалаға деген жауапкершілікті арттырады.


СНХ: ЮСУФ ХАБИБОВ, ЕРІКТІ


Аталған бастама облыстың барлық аудандарында өтуде. Жалпы саны мыңнан астам адамды қамту жоспарланған.