Қоршаған ортаны қорғау – бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл бағытта Конституцияда әр азаматтың табиғатқа ұқыпты қарау міндеті және экологиялық жауапкершілігі нақты айқындалған. Ал 2021 жылы қабылданған Экологиялық кодекс саладағы талаптарды күшейтті. Құжатқа сәйкес, ірі кәсіпорындарға жаңа технология енгізу, автоматтандырылған бақылау жүйелерін орнату және экологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету міндеттелді. Мұндай бастамалар қоршаған орта қауіпсіздігін күшейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негіз болады. Жаңа талаптар олардың орындалуына кепіл болады дейді мамандар.
СНХ: ЕЛДОС АБАҚАНОВ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ