Петропавлда «Әскери білім берудегі жасанды интеллект: әскери қызметкерлердің цифрлық мәдениетін қалыптастырудан ұлттық қауіпсіздіктің жаһандық стратегияларына дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Қазақстан мен өзге де елдердің ғалымдарын, күштік құрылым өкілдерін, IT саласының сарапшыларын және әскери білім беру мамандарын біріктірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы технологиялық болашаққа нық қадам жасауда. Курсантар бірінші курстан бастап-ақ, жалпы білім беретін пәндерден заманауи құралдарды меңгеріп, қызметтік іс-әрекетті автоматтандыруға және тиімділігін арттыруға бағытталған дағдыларды игеруде. Мұндай тәсіл теориялық білімді нығайтумен қатар, қарқынды дамып жатқан технологиялар жағдайында сұранысқа ие практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

СНХР: ҚАНАТ СЕЙТЖАН, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Сарапшылар баяндамаларын технологияларды тәжірибеде қолдануға басымдық бере отырып ұсынды. Атап айтқанда, қару-жарақ пен әскери техниканы диагностикалау және қызмет көрсету үшін интеллектуалды жүйелерді пайдалану, жабдықтардың жағдайын бақылау үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ ықтимал ақауларды болжау мәселелері қарастырылды.

СНХР: АЛЕКСЕЙ САВОСТИН, KOZYBAYEV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ

Конференция қорытындысы бойынша, нәтижелер ресми мәртебеге ие болатын ғылыми жинақ ретінде жарыққа шығып, ғылыми зерттеулерде қолданылатын болады.