Петропавлда New York Film Academy оқытушысы, белгілі актер, режиссер әрі сценарист Марк Мокаби кино түсіру бойынша шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараға шығармашылыққа қызығушылық танытқан жастар мен қала тұрғындары қатысты. Шеберлік сағатында спикер кино өндірісінің қыр-сырымен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға шығармашылық жолында көпжылдық тәжірибесі бар мамандармен қатар, бұл салаға енді қадам басқан жас ұл-қыздар да көптеп жиналды. Олар танымал америкалық кинематографист Марк Мокабидің шеберлік сағатына қатысып, кино түсірудің қыр-сырымен танысты.

MARK MOCAHBEE, NEW YORK FILM ACADEMY ОҚЫТУШЫСЫ, РЕЖИССЕР, АКТЕР

Нью-Йорк кино академиясы – тек білім беретін оқу орны ғана емес, кино индустриясына жол ашатын алаң. Бүгінде қазақстандықтар үшін кинематографияны үйрену әлдеқайда қолжетімді бола түсті. Алматыда осы беделді америкалық киноакадемияның ресми филиалы бір жылдан бері жұмыс істеп келеді.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, Ғ. ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

Марк Мокаби кино, теледидар, театр және радиода мол тәжірибе жинақтаған маман. Мұндай шеберлік сағаттары жас мамандардың дамуына мүмкіндік беріп, бастаманың маңызын арттырады.

ЖҰМАГҮЛ АСҚАРОВА, СТУДЕНТ

Марк Мокаби – оскарлық жобалармен жұмыс істеген тәжірибелі маман. Ол өңірімізде түсірілген жаңа «Ботай» тарихи фильміне түсіп, басты рөлдердің бірін сомдайды. Бұл жоба қазақстандық кино өнерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды туындылардың бірі болмақ.