Соғыс жылдары ел басынан аса ауыр сынақ өтті. Майданға аттанған талай азамат туған жеріне қайтып оралмады, олардың тағдыры уақыт қойнауында қалып қойды. Көптеген отбасы қаралы хабар алып, талай шаңырақ қара жамылды. Бірақ уақыт өтсе де, олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбегі ұмыт қалған жоқ. Бүгінде сол боздақтардың есімі жаңғырып, ұрпақ жадында мәңгі сақталуда.
Сұрапыл соғыс... Сол бір ауыр жылдары қаншамма қазақстандық майданға аттанды. Олардың бірі елге оралса, енді бірі жат жерде қаза тапты, ал талайы іс-түссіз жоғалып кетті. Уақыт өтсе де, олардың тағдыры ұрпақ жадынан өшкен емес. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Жүніс Қазанғұловты табу оның ұлы Жәмшиттің орындалмай кеткен арманы еді. Бүгінде сол аманатты немересі Білім Қазанғұлов орындап, әке арманына орындады деуге болады. Жүніс Қазанғұлов 1908 жылы СҚО, Айыртау ауданы ,қазіргі Әлжан ауылы бұрынғы Сталин колхозында дүниеге келген. Ол мұғалім болып еңбек еткен. 33 жасында майданға аттанғанда артында жұбайы екі ұлы мен екі қызы қалған. Батыр азамат Невель қаласын азат етуге қатысқан. 1943 жылы 22 желтоқсанда ауыр жарақат алып, он күннен соң госпитальда көз жұмған.
СНХ: БІЛІМ ҚАЗАНҒҰЛОВ, Жүніс Қазанғұловтың немересі
Алғашқы дерек ретінде кейіпкер атасының есімін ескі газет беттерінен тапқан. Алайда Көкшетауда шыққан сол басылымда ауыл атауы қате жазылып, дерек нақтылығы күмән тудырған. Сол жылдары кейіпкеріміз әкесі Жәмшиттің әлі тірі кезінде көз жасына ерік беріп, әкесін сағынып отырған сәттерін көргенін еске алады. Жылдар бойы атасының тағдырын білуді армандаған көкшетаулық Білім Қазанғұлов «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігіне жүгінеді. Ұйым мен ресейлік іздестірушілердің көмегімен майдангердің соңғы ізі анықталады. Алайда дәл сол сәтте сапарға шығуға дайындалып жатқанда, әлемді жайлаған «Короновирус» індеті кедергі келтіреді. Елде карантин жарияланып, шекаралар жабылып қалады. Бірақ бұл оның үмітін өшірмейді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында көптен бері көкейінде жүрген арманы жүзеге асады.
СНХ: БІЛІМ ҚАЗАНҒҰЛОВ, Жүніс Қазанғұловтың немересі
Жалпы, Әлжан ауылынан майданға 130 – ға жуық сарбаз аттанған. Өкінішке қарай, олардың 70 -і оралмай сұрапыл соғыс даласында қаза тапты.
СНХ: БІЛІМ ҚАЗАНҒҰЛОВ, Жүніс Қазанғұловтың немересі
Білім Қазанғұлов үшін бұл сапар –ұрпақ алдындағы аманатты орындау еді. Ол әке арманына адалдық танытып, атасының ерлікке толы жолын қайта жаңғыртты. Айта кеткен жөн, 100-ші атқыштар бригадасының құрамында Невельді қорғау кезінде бірқатар жауынгер ерлікпен қаза тапқан. Олардың қатарында ерлігімен ел жадында қалған Мәншүк Мәметова да бар.