Петропавлда полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды анықтауға және тексеруге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Тек өткен айда тәртіп сақшылары қабылдау тарату орнына 61 қаңғыбасты жеткізген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


- Где вас задержали? – Задержали: поселок Рабочий, мост, тупик. – Что вы там делали? – Ну, просто зашел; покурить, можно сказать. Ну, выпить. – А с кем вы там были? – Ну, старые друзья, компания. Просто выпил, посидел. Тут – подъехали сотрудники: «Предъявите документы!». Какие были при себе – такие и предоставил.


 Жылу құбырлары, кәріз құдықтары, жертөлелер – күн сайын қаңғыбастарды жинау тобы үй-күйсіз жүрген адамдар болуы мүмкін орындарды тексереді. Полиция қызметкерлеріне қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, оқыс оқиғалардың алдын алу міндеті жүктелген. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар қылмыстық әрекет жасап қана қоймай, өздері де басқалардан зардап шегуі мүмкін. Бұдан бөлек, осы санаттағы адамдардың арасынан із-түссіз жоғалған және іздеудегі қылмыскерлер де анықталып жатады.


- Здесь больше никого не было? Одни были? – Нет, никто не приходил.


 Қаңғыбастарды жинау тобы баспанасыз жүргендерді ең алдымен қабылдау-тарату орнына жеткізеді. Бұл жерде олар барлық есептер мен бағдарлар бойынша тексеріледі, қажетті көмек көрсетіледі. Бұдан кейін олар Жұмысшы кентінің шет жағында орналасқан түнгі түнеу орнына жіберіледі.


БОЛАТ БАЙМАҚАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚАБЫЛДАУ-ТАРАТУ ОРНЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Петропавл қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына бір ай ішінде тұрғылықты мекенжайы жоқ 61 адам жеткізілді. Оның ішінде 19 адам сот санкциясы бойынша орналастырылды. Барлық жеткізілген тұлғалар тізімдік есепке қойылды. Талдау барысы жеке басы анықталмаған 33 пен 44 жастағы адамдардың жиі кездесетінін көрсетті. Олардың басым бөлігі ер азаматтар.


Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың топтасып жиналғанын көргендер қабылдау-тарату орнының кезекші бөліміне 8 (7152) 52-92-99 нөміріне немесе тәулік бойы жұмыс істейтін 102 арнасына хабарласуына болады. Сондай-ақ қаңғыбастар туралы немесе қылмыс пен құқық бұзушылық жайлы «102» мобильдік қосымшасын пайдаланып бейнеқоңырау шалу немесе мәтіндік хабарлама жіберу арқылы хабарлауға болады.