Мамлют ауданындағы ауылдардың бірі дүкенде сыра, арақ, шарапты еш лицензиясыз сатып келген. Бұл фактілерді полиция қызметкерлері қаңтардың 25-і мен 26-сы күндері анықтады. Заңсыз айналымнан 143 литр алкоголь тәркіленді. Кәсіпкерлерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша іс-қозғалды.


Аудандық полиция бөлімі мамандарының айтуынша, Мамлют ауданындағы көптеген қылмыс мас күйде жасалады. Сол себепті, заңсыз сатылып жатқан алкогольдік ішімдіктерді тәркілеп, жолын кесу отбасылық жанжалдардың санын азайтуға ықпал етеді. Мәселен, 2021 жылы 144 отбасылық жанжал дерегі тіркелсе, былтыр ол 115-ке дейін азайған.

Жалпы, облыста былтыр тәртіп сақшылары барлығы 9600 литр заңсыз алкоголь тәркілеген.