СҚО мәслихаттарында жалпы 193 депутат болады. Облыстық мәслихатта - 30 депутат. Олардың 15-і партиялық тізіммен, ал қалған 15 бірмандаттық округтерден сайланады.


 Ал Петропавл қаласы мәслихатының 18 депутаты, 13 аудан мәслихаттарының 145 депутаты толықтай мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады. Облыс бойынша 15 округтік сайлау комиссиясы құрылған. Олардың 9-ы аудандарда, ал қалған алтауы Петропавл қаласында жұмыс істейді. Жалпы СҚО бойынша 631 учаскелік сайлау комиссиясы бар.