27 қаңтарға қараған түні ҚР Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.


Гүлмира Райынбекқызы – Петропавл қаласының тумасы. 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, 2008 жылы Көкшетау университетінде каржы бакалаврының дипломын алды. Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Түрлі жылдары қала мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 2017-2021 жылдар аралығында облыстық білім басқамасын басқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болды. Ал 2023 жылдың 14 қаңтарында өткен Сенат сайлауында Солтүстік Қазақстан облысынан Жоғарғы Палатаға депутат болып сайланды. Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.