Негізгі Жаңалықтар 1400 адам жат ағымның арбауынан құтқарылды

1400 адам жат ағымның арбауынан құтқарылды

Былтыр 1400 ден аса адам жат ағымның арбауынан құтқарылып, дәстүрлі мұсылмандық жолына оралды. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы айтты. Діни басқарма жанынан 2 жыл бұрын оңалту бөлімі ашылған. Ол осындай жағдайлардың алдын-алып, уағыз-насихаттар, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ел азаматтарының шет елдердегі белгісіз оқу орындарына кетіп қалмауы үшін бірнеше бастама қолға алынған. Қазақстанда ресми түрде 9 медресе мен бірнеше жоғары оқу орны жұмыс істейді. Олардың ғылыми әлеуетін көтеру және гранттар санын көбейтуге ден қойылып отыр.


НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ, ТАҒАНҰЛЫ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

- Барынша біз өз жерлестерімізді, бауырларымызды өз елімізде оқытуға барынша өз үлесімізді қосып жатырмыз. Және де былтыр Астана қаласынан Хұсам ад-Дин ас-Сығанақи атындағы ғылыми институтымызды аштық. Ол жерде де ислам дінін, теологияны тереңдетіп оқыту бағдарламасы жасалған. 


Бөлісу