Петропавлда 2007-2008 және 2009-2010 жылдары туған қыздар арасында волейболдан халықаралық турнир өтті. Турнир Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі, жаттықтырушы Алексей Мельниковты еске алуға арналды. Ол бүкіл өмірін спортқа арнап, аймақтағы волейболдың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Бүгінде Алексей Мельниковтың шәкірттері республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.


Халықаралық турнирге көрші Ресей елінен Омчики және Элита командалары келді, сонымен қатар елордалық Ару-Астана волейболшылары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жергілікті «Қуаныш ВК» екі жас санатында жеңіске жетті.Ал екінші орынға Омбы қаласынан келген «Омчики» командасы жайғасса, Красноярск қаласының намысын қорғаған Элита командасы 3 орынға тұрақтады.Ал елордалық «Ару-Астана» 4 орынды иеленді.


ОЙРАТ ЕРКЕНОВ,"ҚУАНЫШ-СКОСШИКОР" ЖАСӨСПІРІМДЕР КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: