Облыста құрылыс қарқыны артты
Былтыр құрылыс жұмыстарының жалпы мөлшері 292,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 28,3 пайызға өскен. Осы орайда облыс бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы ауқымынан жеке құрылыс компаниялары – 91,9%-ын, шетелдіктер – 6,8%-ын және мемлекеттік мекемелер – 1,3%-ын атқарды.
2025 жылы ең көп жұмыс жолдарды жөндеу мен салуға, үйлер мен мекемелерді тұрғызуға, сондай-ақ су мен кәріз құбырларын тартуға бағытталды. Барлығы 1030 жаңа ғимарат бой көтерді. Оның 951-і тұрғын үй болса, қалған 79-ы - басқа мақсаттағы нысандар.