Негізгі Жаңалықтар «Жеңіл» табысқа алданбаңыз!

«Жеңіл» табысқа алданбаңыз!

Қаржы пирамидалары цифрлық кеңістікке ойысып, жұмыс форматын өзгертуді жалғастырып жатыр. Бүгінде олар ешқандай тәуекелсіз жоғары табыс уәде етіп, өздерін инвестициялық платформалар, криптожобалар және түрлі онлайн-сервистер ретінде бүркемелейді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 17 қаржы пирамидасы жойылды.

Сарапшылардың атап өтуінше, қаржы пирамидасын құрушылар адам тартудың амал-тәсілдерін үнемі құбылтып отырады. Дегенмен олардың жұмыс істеу принципі өзгергемеген: ол - тез әрі оңай табыс табу уәдесі. Мамандар инвестиция салмас бұрын компанияларды мұқият тексеруді және кепілдендірілген жоғары пайда туралы ұсыныстарға күмәнмен қарауды ұсынады.

Бөлісу