Жатыр мойны обыры – әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Дәрігерлердің айтуынша, оның негізгі себебі – адам папилломасы вирусы. Сондықтан бұл дерттің алдын алуда вакцинацияның маңызы зор. Солтүстік Қазақстан облысында 11–13 жастағы қыздарды жоспарлы иммундау жалғасып жатыр.
Сонымен қатар биылдан бастап 14–17 жас аралығындағы қыздарға да ерікті түрде қосымша вакцинация жүргізілуде. Екпе білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде және емханаларда тегін салынады. Мамандардың айтуынша, адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қауіпсіз әрі тиімділігі халықаралық зерттеулермен дәлелденген. Ол жатыр мойны обырының алдын алудың ең сенімді тәсілдерінің бірі саналады. Вакцинация ата-ананың жазбаша келісімімен тегін жүргізіледі.
СНХР: АЙГҮЛ САТАЕВА, ВАКЦИНАМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАРДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ ИММУНОПРОФИЛАКТИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ