Спорт, тәртіп және командалық рух. «Береке» спорт кешенінде Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында волейболдан республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен келген аумақтық департаменттердің командалары қатысуда. Он төрт команда, ондаған тартысты матч және бір мақсат – жеңіс тұғырына көтерілу.
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасындағы республикалық волейбол турнирі облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Екі күнге созылатын бәсекеде командалар топтық кезеңде бақ сынап, кейін жартылай финал мен финалда үздіктерді анықтайды.
СНХ: ЗАРИНА БАЙХАДАМОВА – СҚО ҚАЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Волейбол – тек күш пен ептілікті ғана емес, тактикалық ойлауды, төзімділік пен ұйымшылдықты талап ететін спорт түрі. Бұл қасиеттер қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күнделікті қызметінде де маңызды рөл атқарады. Жарысқа қатысушылардың бірі дайындық барысы мен турнирдің маңызы туралы айтып берді.
СНХ: АЗАМАТ ҚОСМАҒАНБЕТОВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚАЖД САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталып, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің атынан ведомствоаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.