Белсенді өмір салты үшін – тәтті сыйлық. Петропавлда «Денің сау болу– сәнде» атты акция өтті. Шараның мақсаты – тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырып, салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға ынталандыру.

Денсаулық – дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі және зиянды әдеттерден арылудан басталады. Облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері осы қағидаларды қала тұрғындарына ерекше форматта жеткізді. Олар түрлі спорттық тапсырмалар ұйымдастырып, қатысушыларды белсенділікке шақырды.

БИБІГҮЛ СҰЛТАНОВА – СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТ-ТАЛДАУШЫСЫ

Акцияның басты мақсаты – салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтаны арттыру және зиянды әдеттерге теріс көзқарас қалыптастыру. Іс-шараға қатысқан петропавлдықтар белсенділік танытып, өздерінің спорттық дайындығын көрсетті.

ӘЛИ ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ

ӘЛІШЕР КЕНЖЕБАЙ

Акция аясында медициналық қызметкердің қатысуымен кеңес беру бұрышы да жұмыс істеді. Онда тұрғындар денсаулық жағдайына қатысты кеңес алып, дұрыс өмір салтын қалыптастыру жөнінде ақпарат алды.