Технология дамыған, көп дүние машинамен жасалатын заманда қолдан шыққан бұйымдардың орны бөлек, оның жылылығы ерекше бағаланады. Петропавл тұрғыны қолжетімді заттардан ғажайып дүниелер жасайды. Шебердің әр туындысы - тек қажырлы еңбектің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге оның жан дүниесінің бөлшегі, шабыты мен өз ісіне деген махаббатының көрінісі. 

Елена Михейкинаның негізгі мамандығы есепші. Бала күнінен шығармашылыққа жақын болған ол уақыт өте келе бұл қызығушылығын сүйікті ісіне айналдырған. Әр бұйымның артында сағаттап созылған тынымсыз еңбек, шығармашылық ізденіс пен шексіз қиял жатыр. Еленаның бұл өнері жай ғана ермек емес, адамдарға сұлулық, жылылық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудың таптырмас құралына айналған.

ЕЛЕНА МИХЕЙКИНА ҚОЛӨНЕРШІ

Петропавл тұрғыны үй ішіне арналған ерекше декор бұйымдарын, бас киімдерді, түрлі-түсті ойыншықтар мен ұлттық нақыштағы кәдесыйларды шебер үйлестіреді.

ЕЛЕНА МИХЕЙКИНА ҚОЛӨНЕРШІ

Сәндік-қолданбалы өнер - бұл дәстүрді, талант пен шеберлікті тоғыстыратын құндылық. Елена сияқты өз ісіне берілген жандардың арқасында ежелгі қолөнер қайта жаңғырып, айналасындағыларды өзінің сұлулығымен және ерекшелігімен шабыттандырып келеді.