Солтүстік Қазақстан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық шараларына 70 млрд.теңге бөлінді. Биыл Петропавлдағы жылу электр орталығының қазандықтарын жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар өңірде энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту ұлттық жобасы аясында 19 жоба жүзеге асырылады. 

Бұл - Петропавлдағы №2-інші жылу электр орталығы. Биыл станцияның негізгі қондырғыларын жөндеуге және қайта жаңғыртуға 21,3 млрд. теңге бөлінді. "Бұл жылыту маусымында нысанның іркіліксіз жұмыс істеп, техникалық ақауларды азайтуға мүмкіндік береді", - дейді мамандар. Өткен жылыту маусымында станцияда бірінші дәрежелі ақау болған жоқ. Жылу электр орталығында 12 қазандық жұмыс істейді. Биыл оларды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Энергетиктер 2030-ыншы жылы негізгі қондырғылардың тозу деңгейін 43 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.  

СНХ: ДМИТРИЙ ЗАХАРОВ, ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Биыл Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық шараларын қаржыландыру көлемі бір жарым есеге ұлғайып, 70 млрд.теңге бөлінді. Өңірде Мемлекет басшысының энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларын жаңғырту тапсырмасы бойынша ауқымды жобалалар қолға алынған.

СНХ: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл Петропавлдағы жылу-электр орталығында 5 бірдей қазандық күрделі жөндеуден өтеді. Тағы біреуі қайта жаңғыртылады. Әрқайсысына шамамен 2 млрд.теңге жұмсалады. Осының барлығы станцияның қауіптілігі жағынан "сары аймаққа" өтуіне мүмкіндік берді. Қазір өңірде әлеуметтік нысандардың жартысы жылыту маусымына толық дайын. Сонымен қатар биыл Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарында орталықтандырылған жылу қазандықтары іске қосылады.