Жастар арасында ат спортына деген қызығушылық артып келеді. Әлеуметтік желіде ат үстінде түсірілген түрлі бейнероликтер миллиондаған қаралым жинап, жаңа трендке айналды. Әсіресе Қамбар ата түлігінің құлағында ойнайтын қыздардың қатары қалың. Солардың бірі – қызылжарлық Меруерт Самаратова. Полиция инспекторы бос уақытында атпен серуендегенді жақсы көреді.  

Меруерт Самаратова қалада туып-өскен, үш баланың анасы. Алғаш рет жылқы малын кішкентай кезінде ауылдағы ата-әжесінің үйіне қонаққа барғанда көрген. Атқа мініп, желмен жарыса жүйітку – балалық арманы екенін айтады. Бұл спортпен шұғылда бастағанына небәрі 6 ай болса да, ер үстінде еркін отырады. 

СНХ: МЕРУЕРТ САМАРАТОВА, ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫ

Ал Диас Бейсенбі кәсіби спортшы. Облыстық балалар мен жасөспімдерге арналған ұлттық және ат спорты мектебінде жаттығады. Теңге ілуден облыстық, республикалық сайыстарда топ жарып жүр. 

СНХ: ДИАС БЕЙСЕНБІ, ШАБАНДОЗ

Бұл спортта ептілік, реакция керек, осы атты жақсы көремін, өзі мейрімді, балаларға мейрімді. Бізбен жүргенде басқаша өзін көрсетеді. Басқалар мінсе, мінезін көрсетіп шаппай қалады. 

Ат спорты мектебінде теңге ілу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату және құсбегілік бағыттары бар. Ұлттық спортқа қызығатын жастардың қатары жыл сайын артып келеді.

СНХ: ЕРЖАН МОЛДАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облысымызда «Арғымақ» ат спортклубы бар, биыл ашылған. Спортшылар жасақталған. Көкпар спорты жасақталған. Петропавл қаласына жақын болғасын қызар көп жүреді мында, Бәйгеге, жамбы ату деген спорт түрі бар, әдемі спорт түрі, соған қыздар көп келеді. Бізде биыл Могильная Полина деген Қазақстан Чемпионы болды. 

Сұраныс атқан соң, аудандарда ұлттық спорт мектебінің филиалдары ашылған. Бұл ауыл балаларының да ат спортымен кәсіби түрде айналысуына мүмкіндік береді.