Облыстың құрметті азаматы, соғыс ардагері, белгілі өлкетанушы, Республикалық журналистер одағының мүшесі Сергей Пресняков өмірден өтті. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров Сергей Михайлович Пресняковтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.


Өткен жылы Сергей Пресняков өзінің жүз жылдығын атап өткен еді.19 жасында ол майданға аттанып, 38-атқыштар бригадасында қызмет еткен. Көптеген қанды соғысқа қатысқан. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Сергей Пресняковтың өмірінің көп уақытын өлкеміздің тарихын зерттеуге арнағанын атап өтті. «Еліміздің тарихы туралы көптеген кітаптың авторы. Бұл біз үшін және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес мұра. С.М.Пресняковтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деді өңір басшысы А.Сапаров.