АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медальға ие болды.СҚО биатлоншысы Бекентай Тұрлыбеков Қазақстан құрамасы үшін үшінші алтын медальді жеңіп алды.
Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков жарыс барысында бірде-бір рет мүлт кетпей, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Айта кетейік,10 шақырымдық спринт жарысындағы екінші орын АҚШ спортшысы Бьорн Уэствервелтке бұйырса, қоланы да солтүстікқазақстандық биатлоншы Александр Мухин иеленді. Осылайша Қазақстан құрамасы командалық есепте үш алтын және бір қола медальмен үшінші орынға тұрақтады.