Облыс полицейлері шетелдік автокөліктерді заңдастыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Полиция департаментінде осы тақырыпта Facebook пен Instagram желілерінде тікелей эфир өтті. Желі қолданушылары қандай сұрақтар қойғаны және заңдастыру тәртібі жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі дайындаған бейнематериалда.


Полиция департаментінің медиа-студиясында процессингтік орталықтың қызметкерлері көрермендерге заңдастыру тәртібі туралы айтты, эфир барысында сұрақтар да қойылды. Заңдастыру үшін қандай құжаттар қажет, тексеру жұмыстарының мерзімі мен тәртібі қандай? Мамандар әрқайсысына толық жауап берді. Мәселен әр автокөлік бойынша екі күн ішінде шешім қабылданады. Көлік иелеріне оң шешім шығарылғаны және көлікті тіркеу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келу қажет екені туралы хабарлама келеді.


- Следующий вопрос поступил: если цвет по документам не будет совпадать с фактическим цветом, это не является основанием отказа?


 Полицейлер айтып өткендей, әр жағдай мұқият қаралмақ. Ең бастысы – көлік агрегаттарының құжаттарға сәйкес болуы. Тұруға ықтиярхаты бар Ресей азаматы көлігін тіркеуге қалай қоюға болатынын сұрады.


- легализация проходит только для резидентов РК. То есть вы можете снять, перевести договор купли-продажи на гражданина Казахстана, родственника, друга, товарища.


 Әрбір көлік иесі құжаттарын еш кедергісіз ресімдеуі үшін полицейлер түсіндіру жұмыстарын жандандырды. Әкімшілік полиция қызметкерлері қаңтар айының ортасында қоғамның белсенді тобымен кездесу өткзді. Сондай-ақ Telegram-чатта арнайы диалог ұйымдастырылды. Тәртіп сақшыларының айтуларынша, әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізу – халықты ақпараттандырудың тиімді құралы.


Қайрат Сейітқұлов, СҚО ПД Процессингтік орталықтың аға мемлекеттік автоинспекторы:

- Азаматтар өздерінің көліктерін заңдастыру үшін өтініштерін Egov порталы арқылы, екінші деңгейлі банктер арқылы да тапсыруға болады. Қосымша сұрақтар болса Петропавл қаласындағы Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады. Азаматтардың тағы сұрақтары болса, біздің call-орталық бар.


 Сондай-ақ, облыс тұрғындары мен қонақтары аптаның жұмыс күндері таңғы сағат 9-дан кешкі 19.00-ге дейін 32-00-22 немесе 32-00-19 нөмірлері арқылы call-орталыққа хабарласа алады. Көліктерді бір реттік заңдастыру 2023 жылғы 23 қаңтардан 1 шілдеге дейін өткізілмек.