18 қаңтар күні сағат 10:44 кеткенде 101 нөміріне Петропавлдағы С.Мұқанов, 53 мекен-жайы бойынша орналасқан сауда үйінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды сағат 12.00-ден кете толық сөндірді. Өрт 30 шаршы метрді шарпыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке байланысты сауда үйінен 250 адам қауіпсіз жерге шығарыды.


ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Магнум кешенінде 1ші этажда киім бутигінде өрттің шыққаны туралы хабарлады. Өртті жеде сөндіруге Петропавл қалалық өрт сөндіру бөлімінен 13 техника мен 41 адам жұмылдырылды. Өрттің жағдайы мен салдары санықталуда.