Былтыр «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 90-нан астам өңір тұрғыны кәсіп ашқан. Оларға мемлекет тарапынан қайтарымсыз 1 миллионнан астам теңге берілді. Қазір осы жоба бойынша білім алу онлайн форматта өтеді. Биыл «бастау бизнес» аясында тұрғындарға 60 грант берілмек. Әріптесім Жансая Қайыпова баяндайды.
«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша білім алып, грант жеңіп алғандардың бір- Қарлығаш Сакипова. Ол көпбалалы ана. 2022 жылдың тамыз айында бағдарлама туралы естіп, оқуға шешім қабылдаған. Осылайша, қараша айынан бастап ұлттық киімдер тігетін ателье ашқан. Кәсіпкер жеңіп алған қаражатына жұмысқа қажетті 2 тігін және кестелеу машинасын сатып алды.
ҚАРЛЫҒАШ САКИПОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
- Өзіміз ұлттық киімдер тігеміз. Алқа, сырға сияқты заттарды өзіміз жасаймыз. Тойға қажетті дорба, қыз ұзатуға заттар жасаймыз. Неге салт-дәстүрісізді дамытпасқа. Тойларда біздің ұлттық киімдерді көрсін деп осы саланы таңдадым. басында ойлағам мүмкін адамдар кимейтін шығар деп. Қазір өте сұранысқа ие. Адамдар осы ателье ашылғанына өте қуанышты.
Жалпы былытр «бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша өңірдің 91тұрғыны грант жеңіп алды. Олардың 54-і - 29 жасқа дейінгі жастар болса, 37-сі әлеуметтік осал топқа жататындар мен көпбалалы аналар. Жас кәсіпкерлерге 1 миллион 225 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз қаражат берілген.
РУСЛАН ДЕЙНЕКО, ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
- Грант алу үшін кәсіпкер міндетті түрде 14 күндік онлайн оқуды бітіру керек. Кейінен арнайы құрылған комиссия мүшелерінің алдында өз жобасын қорғайды. Мақұлданған жағдайда ғана қайтарымсыз грант иегері атанады. Былтырғы жеңімпаздар тігін цехтарын, кондитерлік орталық, сурет және сұлулық салондары сияқты кәсіп бастады. Аталмыш бағдарламаға қатысқысы келген тұрғындар «еңбек» бизнес порталына кіріп, өтінім қалдыра алады.
Биылғы жылға «бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 60 грант бөлінген. Қазіргі уақытта 30-ға жуық өңір тұрғыны өтінім білдірген.
Жансая Қайыпова