Құрылыс саласының қызметкерлері қошеметке бөленді. Сала мамандары кәсіби мерекелеріне орай түрлі марапатқа ие болды. Салтанатты іс-шарада облыс әкім атынан орынбасары Жүсіп Жұмағұлов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатарына өңір жетекшісінің атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады.

Құрылысшыларға құрмет көрсетілді. Елімізде құрылыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде тойланады. Бұл күні сала ардагерлері құттықтау қабылдайды, ал маңдайалды мамандар марапат алады.

Талай ғимараттың бой көтеруіне септігін тигізіп жүрген теріскейлік құрылысшылар «Qyzyljar» креатив орталығында бас қосты. Оларға аймақ басшысының Алғыс хаты мен Құрмет грамотасын орынбасары Жүсіп Жұмағұлов табыстады. Салтанатты жиында мамандардың қоғамдағы орны жайлы да айтылды.

СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО әкімінің орынбасары


Құрылысшы күні - бұл жай ғана мереке емес, елдің дамуына зор үлес қосып жүрген адамдардың еңбегін айтатын, көрсететін күн. Залда отырған жандар шаһардағы талай шағын ауданға, көшеге, үйге және әлеуметтік маңызды нысанға сән берген. Олардың барлығы білікті маман саналады. Мереке қарсаңында Алғыс хатқа ие болғандардың бірі - "Тілеу 2018" серіктестігінің директоры Бексұлтан Талеев. Азаматтың қарамағында 20-дан астам маман қызмет етуде. Білекті жігіттер талай адамды баспанамен қамтыған.

СНХ: БЕКСҰЛТАН ТАЛЕЕВ, "Тілеу 2018" ЖШС директоры


СНХ: БЕКСҰЛТАН ТАЛЕЕВ, "Тілеу 2018" ЖШС директоры


СНХ: ӘЛІБЕК ӘУБӘКІРОВ, "Зерттеу СК" ЖШС монтаждаушысы


Сүйектен өтер суықта, аптап ыстықта еңбек ететін құрылысшылар құрметке, ән-жырға лайықты. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.