Туризм – кез келген өңірдің дамуына серпін беретін маңызды сала. Ал оны кеңінен насихаттап, тәжірибе алмасу үшін халықаралық деңгейдегі жиындар үлкен рөл атқарады. Айыртау ауданында дәл осындай мақсатта басталған форум – соның айқын дәлелі.
Айыртау ауданында туризмді дамыту мақсатында "Drive Forum" атты халықаралық туристік жиын басталды. Форумның негізгі мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуетін арттырып, өңірдің тарихи-мәдени жерлерін кеңінен таныстыру. Үш күнге созылатын іс-шараға Қазақстан мен Ресейден келген саяхатшылар қатысуда. Ұйымдастырушылар Өзбекстан мен Қырғызстаннан да қонақтар күтіп отыр. Жалпы, форумға 200-ге жуық туристік экипаж қатысады деп жоспарланған. Олар табиғаты көркем Имантау-Шалқар курорттық аймағын аралап, тәжірибе алмасып, автотуризмнің мүмкіндіктерін ортаға салады.
СНХР: ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО , СҚО БОЙЫНША ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ТӨРАҒАСЫ
СНХР: ЖАЗИРА БАЙБОЛАТОВА- ҚАТЫСУШЫ
СНХР: АБДУҒАЛІ АБДУӘЛІ, "DRIVE FORUM" ФЕСТИВАЛЬ БАСҚАРМАСЫ