Қызылжар ауданында әкім сайлауы өтті. Новоникольск ауылының тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін сайлау учаскелеріне белсенді түрде келді. Бұл — жаңа формат: енді қазақстандықтар аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлайды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Қызылжар ауданына қарасты Новоникольск ауылында әкім сайлауы өтті. Сайлауға ауыл тұрғындары қатысты. 2025 жылдан бастап Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа кезеңі басталды — азаматтар енді аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау арқылы таңдайды. 2024 жылғы халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей сайлауды енгізудің әділетті әрі ашық қоғамға қадам екенін атап өтті.
СНХР: СВЕТЛАНА МАНУЙЛОВА – №295 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ, НОВОНИКОЛЬСК АУЫЛЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
Біз ауыл тұрғындарынан сайлаудың жаңа форматына көзқарасын және әкімді сайлауға қатысудың маңыздылығы жөнінде пікірлерін сұрадық.
СНХР: НИНА ВОЛЫРИНА – НОВОНИКОЛЬСК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
СНХР: ВИКТОР ВЫСОЦКИЙ – НОВОНИКОЛЬСК ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
СНХР: МАРИЯ БРАЖНИК – НОВОНИКОЛЬСК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
Қызылжар ауданы әкімінің лауазымына үш үміткер ұсынылды. Олардың қатарында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарып отырған Бейбіт Исманов, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Санат Аубакиров және Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин бар. Сайлау қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының әкімі болып Бейбіт Исманов сайланды. Бұған дейін ол аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Мемлекеттік басқару жүйесінде мол тәжірибесі бар. Еңбек жолында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.