10 тамыз – қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға, данышпан,Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті. Бұл күн елімізде Абай күні ретінде әр өңірде ақын мұрасына арналған тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыс орталығында да дәстүрлі түрде ұлы ойшылдың рухына аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен зиялы қауым өкілдері ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Ескерткіш маңында жиналған халық қарасы қалың. Қатысушылардың әрқайсысы дана, дара тұлғаға деген құрметін жүрекпен жеткізді. Бұл – жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін тағылымды іс-шара. Абайдың шығармашылығы – адамзатқа ортақ құндылық. Ұлы тұлғаның ұлағаты ұрпақпен жалғасып, мәңгі жасай бермек.

СНХР: ЛӘЗЗАТ ЖОЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Гүл қою рәсіміне зиялы қауым өкілдерімен қатар қала жастары да қатысты. Жастар үшін бұл – тек еске алу шарасы ғана емес, ұлттық құндылықты бойға сіңіріп, рухани кемелденуге бастайтын маңызды сәт.

СНХР: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Ұлы ойшылдың 180 жылдығына арналған мазмұнды іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Облыс көлемінде түрлі мәдени, ағартушылық бағыттағы жобалар жалғасуда.