Өңір жетекшісі облыс орталығында орналасқан кәсіпорындардың жұмысымен танысып жатыр. Бұл жолы Айдарбек Сапаров Киров атындағы және «Мұнаймаш» зауыттарына сонымен қатар «Трибо» және «ПетроМашЗавод» ЖШС-не барды. Облыс әкімі кәсіпкерлерге өндіріс ошақтарын кеңейту, шығарылатын өнімге деген сұранысты арттыру мен тиімді баға орнату сынды бірқатар тапсырма жүктеді. Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнематериалында.


90 жылдық тарихы бар Киров атындағы зауыт заман ағымына сай жаңарып, мұнай, темір жол, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларын цифрландыруға қажетті құрылғыларды шығарады. Кәсіпорын 3D принтерлерді, дәлдігі жағынан 5-дәрежелі баспа платаларды, цифрлы телевизия және ұялы байланыс кешендеріне арналған өнімдерді жасайды.


АЙНАГҮЛ РАХМЕТОВА, «С.М.КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өзіміз үшін шамамен 1,5 млрдқа баспа платаларын шығарамыз, экспортқа 150 млн теңгеге келісім шартымыз болды. Әрине, басты мақсатымыз - өзге мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, шығарылатын өнімнің көлемін арттыру. Тапсырыстар көбіне Алматы, Астана қалаларынан және көрші Ресейден түседі.


 Зауыт қорғаныс саласына қажетті қондырғыларды шығарумен де айналысады. Соңғы 10 жылда 115 командалық штабтық машиналарды құрастырды. Ал, 2020-шы жылы кәсіпорын компьютерлер мен планшеттерді құрастыруды қолға алды.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  и сколько планшет стоит?


АЙНАГҮЛ РАХМЕТОВА, «С.М.КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  планшет 36 тысяч, ноутбук с операционной системой 125 тысяч теңге. А в разнице с импортом? У нас самая минимальная цена. Вы можете увидеть это.... с аналогом процентов 40.... Планшеты очень хорошо расходятся... а ноутбуки тяжеловато


«Мұнаймаш» зауыты болса машина жасау саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналған. 80 жылда кәсіпорын бірнеше бағытта жұмыс істеді. Соғыс жылдарында Қорғаныс министрлігінің тапсырыстарын орындаса, кейін ауылшаруашылығы техникасын және бүгінгі таңда мұнай өңдеу саласына арналған бөлшектерді істеуді қолға алған. Мамандардың сөзінше, шығарылатын өнімге сұраныс жоғары. Мәселен, былтыр 6 млрд теңгенің бұйымын жасаған.


ФЕДОР ДМИТРИЕВ, «МҰНАЙМАШ» АҚ БАС ИНЖЕНЕРІ:

-  Бүгінгі таңда өсім 120 пайызға артқан. Биылғы жылы салық аударымдары 750 млн теңгені құрады. 2023-ші жылға жоспарымыз ауқымды. Қазірдің өзінде 1 млрд теңгеге келісім-шарт жасалды.


 Кейін Айдарбек Сапаров теміржол вагондарына арналған тежегіш төсемдер шығаратын еліміздегі жалғыз зауытқа барды.Мұнда жылына кемінде 300 мың дайын өнім шығарылады. Өңір жетекшісі кәсіпорында жасалатын бұйымдарды экспортқа жіберудің әдіс-тәсілдерін ойластыруды тапсырды.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Сұраныс жоғары болса өндірісті ұлғайту керек. Онымен шектеліп қана қоймай экспортқа шығу қажет. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге әзірміз. Өзге кәсіпорындармен бәсекелестікке төтеп беру үшін не істеу керек? Ойластырайық. Мүмкін бағасын түсірерміз.


Кәсіпорындағы басты мәселе – кадр тапшылығы. Дәл осындай проблема мұнай және газ кен орындарын, сондай-ақ сорғы станцияларын жабдықтауға арналған мұнай кәсіпшілігі және блоктық жабдықтар шығаратын «ПетроМашЗавод» серікстесітігінде де бар. Өткен жылы шығарылған өнім көлемі 2,5 млрд теңгеден асты. Қазіргі уақытта мұнда 2 ауысымда 150 маман еңбек етеді.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Кірісті біз көтерсек бюджет жағынан облыстың дамуына сол кірісті шығарамыз. Жалпы біз орындап жатырмыз. Бірақ көтеру үшін промблемалармен танысып жатырмы. Кадр тапшылығы, мемлекет қоладуы секілді. Тез жарты жылда шешіп беруіміз керек. Сонда бұл кәсіпорындардың шығындары азаяды.


Айдарбек Сапаров бұл мәселені шешуге орынбасары Дәурен Жандарбекке тиісті тапсырма жүктеді.



Майгүл Сейілбек