Барша баланың сүйікті мерекесі жаңа жылға санаулы күн ғана қалды. Еліміздің түкпір-түкпірінде қоғамдық бірлестіктер мен қорлар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арнап жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауда. Сондай ертеңгіліктердің бірі Петропавлда да өтті. Тілшіміз дайындаған бейнематериалға назар аударайық.
Жаңа жыл жақсылық пен жаңалықтың жаршысы. Мереке әр балаға ерекше көңіл-күй сыйлап, бақытқа жетелейді. Бүгін қоғамдық бірлестік пен қайырымдылық қордың азаматтары 100 ден аса солтүстікқазақстандық бүлдіршінге ұмытылмас мереке сыйлады.
ГАЛИНА КАЛИНКИНА, «КӨПБАЛАЛЫ ҚАЗАҚСТАН» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бүгін балалармен онсегізінші жыл қатарынан осынау ерекше мерекені тойлап жатырмыз. Кешке 3 пен 11 жас аралығындағы балалар жиналған. Жалпы біздің бірлестік балаларға арналған осындай ертеңгілік екі мереке қарсаңында ұйымдастырады. Олар балалар күні және жаңа жыл. Енді осынау мереке қарсаңында барша балаға бақыт пен қуаныш тілеймін.
Мерекелік ЕРТЕҢГІЛІК аудандардан келген балалардың басын қосты. Раушан Кушкеева балаларын мұндай мерекелік іс-шараға бірінші рет әкеліп отыр. «Көпбалалы Қазақстан» қоғамдық бірлестігінен шақырту алған ана, елеп-ескерген ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
РАУШАН КҮШКЕЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
- Бұл кешке біз бірінші рет қатысып отырмыз. Жаңадан келген отбсымыз. Менде 4 балам бар. осындай керемет ұйымдастырылған кешке рахмет. Балаларға өте қатты ұнады.
Елена Зайникеева 5 баланың анасы. Бүгінгі жаңа жылдық ертеңгілікке оның 3 баласы қатысып отыр.
ЕЛЕНА ЗАЙНИКЕЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА аударма:
- Алғаш рет осындай мерекелік іс-шараға қатысып отырмыз. Балаларыма қатты ұнап жатыр. Бәрі өте қуанышты. Мол дастарханды көріп қатты қуанып қалды. Өздері сыйлықтарын асыға күтіп жүр.
Ұйымдастырушыларға бірнеше апта бұрын балалардан түрлі хаттар түскен. Онда бүлдіршіндер өз армандарын жазған екен. Мереке соңында балаларға сыйлықтар табысталды.