Облыстық қуыршақ театрында Юрий Яковлевтің "Умка" ертегісі негізінде сценарийі жазылған "Полярлық тарих"спектаклінің прьемерасы өтті. Қойылымның режисері Алексей Василев,бұл оның режиссерлік қызметіндегі алғашқы жұмысы. Біздің арнаның түсірілім тобы спектакльді тамашалап қайтты.


 Сахнада қиыр Солтүстік. Көрермен Арктика тұрғыны кішкентай ақ қонжық Умканың басынан өткен шытырман оқиғаның куәсі болады. Спектакльдің түпкі мағынасы достық пен адалдыққа негізделген. Өйткені кішкентай қонжық пен адам баласының арасындағы достық көрсетіледі. Пьеса Юрий Яковлевтің "Умка" ертегісі желісінде жазылған."Полярлық тарих" спекталі режиссер Алексей Васильевтың дебюттік жұмысы.Спектакльді дайындауға бір жыл уақыт жұмсаған.


АЛЕКСЕЙ ВАСИЛЬЕВ, ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ, РЕЖИССЕР:

 – Полярлық тарих спектакльі шытырманға толы оқиға. Мұнда кішкентай қонжықтың өмірі мен оның достыққа адалдығы ерекше көрсетілген.Біз бұл спектакльді жас көрерменге түсінікті болу үшін біршама жерін өзгертуге тура келді.


Басты кейіпкер-Умка рөлін Ольга Васильева сомдады. Ол театрда 25 жылдан бері қызмет атқарап келеді.


 ОЛЬГА ВАСИЛЬЕВА, ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ:

 – Спектакльде басты рөлді сомдау арқашан үлкен жауапкершілікті талап етеді.Маған осы рөлді сомдау барысында барынша қолдау көрсеткен,әріптестеріме алғысымды білдіремін. Умка қонжығы мультфильм арқылы көпшілікке танымал. Қазіргі балалар оны тани бермейді,сондықтан біз қойылымның балама нұсқасын ұсындық.Жас көрермендерімізге қатты ұнайды деген ойдамыз.


 "Полярлық тарих"спектаклі 11 желтоқсанға дейін сахналанбақ.