СҚО-да алғаш рет қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жанынан консультативтік-кеңесші орган құрылды.Органның негізгі міндеттері сотталушылардың жай күйін бақылаумен,бас бостандығынан айыру мекемелерінің жұмысын қадағалап, оларға әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.Сюжетке назар аударайық.


Консультативтік-кеңесші органдар облыс жұртшылығының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуі қажет. Ұйым Ішкі істер органдары мен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан құрылған. Бұл ретте ішкі істер органдары өкілдерінің жалпы саны үштен аспауы тиіс.Бүгінде консультативтік-кеңесші органның қатары 6 мүшемен толықты,оларға арнайы куәлік табыс етілді.


Жиында сондай-ақ сотталушыларды кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға мүдделі жеке кәсіпкерлер де қатысты.Қазіргі кезде СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумағында 6 ЖК және 3 ЖШС жұмыс істейді, онда 77 сотталған жұмыспен қамтылған.


ЕРЛАН ТІЛЕУКИН, СҚО бойынша ҚАЖД № 48 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Айта кеткен жөн,консультативтік-кеңесші органдардың құрамы тек тоғыз адамнан тұрады,төрағалар ашық дауыс беру арқылы сайланады.