Облыстық тарихи өлкетану музейінде белгілі журналист, жазушы Бақыт Мустафиннің 85 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Кеш барысында өңір руханиятына ерең еңбек сіңірген қаламгердің еңбегі ұлықталып, жастарға таныстырылды. Тілшіміз толықтырсын.


Бақыт Мустафин СҚО, Есіл аданына қарасты Еңбек ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдап, «Ленин туы», «Тың өлкесі», және қазіргі Жас Алаш газеттерінде жұмыс істеді. Қызылжар өңірінде журналистиканың қалыптасуына ерең еңбек сіңірді. Сонымен қатар жазушылықты да жанына серік етті. «Өзгерген өлке», «Тәтті сәбіз», «Далаға алғыс» т.б көптеген кітаптың авторы. Отан алдындағы еңбегі үшін Қазақстан журналистер одағының сыйлығына ие болды.Сондай ақ «Достық» орденімен марапатталды.


 САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

-  «Кештің мақсаты жастарға жазушының өмір жолынан сыр шерту және көзін көрген тұлғалармен кездестіріп, абзал азаматтың азаматтығын, шығармашылығын келешек ұрпаққа насихаттау.+ Бақыт Мустафин Солтүстік қазақстан мәдениетінің дамуына үлес қосқан қаламгерлердің бірі. + Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аумалы-төкпелі заманда қазақ руханиятына еңбек сіңірген жан.»


 Журналист Сәбит Мұқанов, Сафуан Шәймерденов және Еслям Зікібаев сынды белгілі қаламгерлермен үзеңгілес болды. Кешке Мағжан Жұмабаев атындағы жоғарғы колледж студенттері мен Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Сондай ақ жазушының туған туыстары мен көзін көрген ардагер журналистер шақырылды. Кеште төрден орын алған құрметті қонақтардың бірі қаламгердің жары Дәмелі Мустафина болды.


ДӘМЕЛІ МҰСТАФИНА , Б.МҰСТАФИННІҢ ЗАЙЫБЫ:

-  «Мұндай шараны араны өткізу дұрыс. Ол кісі қандай журналист , қандай жазушы болды.Жастар оны білу керек. Өз ісің жақсы көрді. Журналист болып тыным таппайтын. Сүйікті жанры – балалар әдебиеті еді. Балаларға арнап тәрбиелік мәні зор шығармалар жазды. Олар «Тәтті сәбІЗ» және «Досыңды шақыр» деген.»


«Абзал азамат» деп аталған кеш барысында Бақыт Мустафиннің шығармашылығынан сыр шертетін фотосуреттер мен газеттерде жарық көрген мақалалары көрермен назарына ұсынылды.

   


Әміре Ақбатай