Петропавл қалалық «Қызылжар» мешітінде жылдық қорытынды есеп жиыны өтті. Онда облыс, аудан және ауылдардан жалпы 20 дан астам имам қатысты. Шараның мақсаты: Облыстағы дін мамандарын жинап жыл бойы атқарылған жұмыстарды қортындылау.


 Алқалы жиында облыстағы 60-қа жуық мешітте жыл бойы атқарылған шаралар есебі көтеріліп, бас имамдар баяндама жасады. Онда ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық және теріс ағыммен күрес бағыттары бойынша жалпы мәлімет беріліп, арнайы слайд арқылы нақтыланды.


 ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ:

- Биыл жыл басынан бері біраз істердің басын қайырдық. Имамдар болып, осы мешіт жамағаты болып. Енді қайырымдылық бағытына келетін болсақ, осы биылдың өзінде «Зекет» қорының ұйымдастыруымен 4 пәтер кілтін жағдайы төмен отбасыларға табыс еттік. / Сонымен қатар, әр жыл сайын өзі «Мектепке жол» акциясы болады. Осы биылдың өзінде 500 ге тарта оқушы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамассыз етілді.


Дін саласы да қарқынды жаһандануды талап етеді. Осы бағытта орталық мешітте арнайы медиа студия жұмысын жүргізбек. Сондай—ақ алда медіресе ісі де қолға алынбақ.


ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ:

- Облысқа медіресе ісін бастаған болатынбыз. Сол арнайы медіресеге байланысты әкімшілікпен келісе отырып, бұл іс қозғалып жатыр. Алда оң шешімін табады деген ойдамыз. Өйткені, қазір біздің өңірімізге жалпы діни руханиатты азаматтар қажет. Мақсатымыз - медіреседе бір имам, молдалар шығару емес, халықта руханиаты мол, имани ұл-қыздарды тәрбиелеу.


Одан бөлек, жиында мешіт әлеуеті, алдағы бағыт-бағдарлар қарастырылды. Мамандардың айтуынша, осы жылы кадр мәселесі шешіліп келеді. Дегенмен бұл бағытта әлі де жұмыстар атқарылмақ.