Петропавлда әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Ғ. Мүсірепов ауданы Ломоносов ауылдық округінің әкіміне қатысты іс қаралды.


2023 жылдың 27 желтоқсанында Ломоносов ауылдық округінің әкімі Вячеслав Барсуков пен мердігер компания арасында ауылішілік жолдарды жөндеуге келісімшарт жасалған. Сол келісім бойынша орындалған жөндеуге қажетті материалдардың сапасы мен жағдайына тексеріс жүргізілген. Ал, жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары биыл жүргізілмек. Себебі, келісімшар 2 жылға жасалған. Осыған байланысты, ауыл әкімі мердігер компанияның шотына келісілген қаражатты аударған. Ауыл басшысының бұл ісін аудандық прокуратура құқықбұзушылық деп танып, әдеп жөніндегі кеңестің талқысына салды. Ал, бүгінгі отырыста кеңес мүшелерінің көпшілігі ауылдық округ әкімінің ісі заңбұзушылыққа жатпайтынын айтты.


ДУЛАТ ТАЙШАБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл келісімшарт 2 жылға жасалған. Орташа жөндеу жұмысы 2 жылға созылады. Сондай-ақ, техникалық қадағалау және жөндеу жұмыстары әлі жүргізілетін болады. Бүгін тәртіптік істі қарау барысында кеңес мүшелерінің көпшілігі ауыл окуругі әкімінің ісінен мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін ешқандай құқықбұзушылықты анықтаған жоқ. 4 адам бірауыздан қолдап, істі тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдадық.