Жастар сарайында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының Өнер орталығы «Өнерлі бала өрге жүзеді» атты есеп беру концертін өткізді. Концертте Өнер орталығының 4 бөлімі яғни Музыка, Заман ай театры, Нұр шашу би ансамбілі және Айтыскерлер сыныбы өнер көрсетті.


Өнер орталығы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гиназиясы құрылған 2007-2008 жылдардан бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ол жерде 419 бала білім алып жатыр. Оларға арнайы музыкалық білімі бар 26 маман сабақ береді. Осы жиырма жыл ішінде Өнер орталығының шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып түрлі жүлделі орындарға ие болды.


ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл концер оқушылардың концерті Қазақ мектеп гимназичясының ішінде өнер орталығы бар. Екі жылда бір рет концерт береміз. Орталықта сол мектептің біраз орқушысы оқиды. Міне енді 2 жылда бір рет қала жұртшылығына, елге концерт беріп тұрамыз. Биыл енді концерттің тағы да кезегі келіп қалды. Концертіміз Өнерлі бала өрге жүзеді деп аталады.Үйткені біз балаларымызды өнерге, жан жақты болуға тәрбиелеп жатырмыз. Бүгін енді қандай жанрлар бар бәрін алып келдік.»


Концерттің шымылдығын 1-сынып қобызшылар ансамблі ашты.Бұдан кейін скрипкашылар, халық аспаптар оркестрі , би ансамбілі, домбрашылар ансамбілі өз өнерлерін паш етті. Жалпы концертте көрермендер назарына барлығы 37 нөмір ұсынылды.


Концертте өнер көрсеткен шәкірттердің бірі - Мәдина Серік. Ол Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы. Мәдина Өнер орталығында дәстүрлі ән, театр және айтыскерлер сыныбында оқиды.


 МӘДИНА СЕРІК, ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Бұл концертте мен айтысты да көрсетемін, домбырамен де дәстүрлі ән шырқайтын боламын. Менің айтыста екі қарсыласым болады. Олармен бұрыннан айтысып келе жатырмын.Оларды жақсы танимын.


Іс-шараны облыстық филармония әншісі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі, өнер орталығының меңгерушісі Дәмеш Құрманкина «Қуанышың көп болсын» әнімен аяқтады.