Назарбаев зияткерлік мектебінде «Дала сазы» атты жас домбырашылар байқауы өтті. Дәстүрлі іс-шара биыл үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Бұл ерекше бастаманы мектеп оқушысы Абылайхан Жоламанов пен оның ұстаздары қолға алған.


Байқауда өнер көрсетуге келген домбырашылар қарасы қалың. Биыл қатысушылар тек Петропавл қаласынан ғана емес, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын аудандарынан да жиналған. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – жастар арасында қазақтың төл өнерін насихаттау, қызығушылықты арттыру.


АБЫЛАЙХАН ЖОЛАМАНОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Осы домбыра сайысын мен жылда өткіземін. 2022-24 жылдар аралығында өтіп жатыр. негізгі мақсатымыз жастар арасында домбыраны насихаттау. Бірнеше өңірден келіп жатыр қатысушылар. Барлығына алғыс білдіреміз осылай қатысып жатқандарына.


Домбырашылар байқауында барлығы 12 қатысушы өнер көрсетті. Шартқа сәйкес қатысушылар алдымен өздері дайындап келген туындыларын орындады. Кейін жұп болып бірнеше күйді кезектесе көрермен назарына ұсынды.


- Мен өзім Жамбыл ауданынан келіп отырмын. 8 сыныпта оқимын. Осы байқау ұнады қатты. Алғаш рет келіп отырмын. Домбырашылар сайысына. Маған күй тартыста өз қарсыласыммен ойнағанды бір бірімізді жақсы түсіндік. Осы қатты ұнады. Жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын.


- Мен домбырамен 1 жылдан бері айналысамын. Өзім ютубтан үйренген болатынмын. Жалпы бірінші турда Ақсақ киік күйін орындадым. Ол күй маған жақын. Қарсыласым шебер болды. Біз бір деңгейде болдық.


Байқау соңында жеңімпаздар алғыс хаттар мен және сертификаттармен марапатталды.