1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл - еліміздегі барлық ұлттардың ынтымағы мен бірлігін айшықтайтын айтулы мейрам. Биыл бұл күн ерекше форматта атап өтілмек. Оған себеп, өңірде жарияланған төтенше жағдай және тұрғындардың су тасқынынан зардап шегіп, баспанасыз қалуы. Сондықтан 1 мамырда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы өтеді.


ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, СҚО ҚХА төрағасының орынбасары:

- Ертең біздің қоғамды біріктіретін маңызды мерекелерінің бірі -Қазақстан халқының бірлігі күні. Еліміздің әрбір азаматы үшін бұл мереке – Отанға деген сүйішпеншіліктің символы және шынайы патриотизмнің бейнесі. Биылғы жылы Қазақстан халқының бірлігі күні үлкен маңызға ие болуда. Біз бұрын соңды болмаған су тасқынына тап болдық. Дәл осы қиын күндерде біздің құтқарушылар, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, қарапайым азаматтар халқымыздың бір екенін көрсете білді. Алда әлі көп жұмыс бар. Су басқан аудандардағы көшелер мен үйлердегі қоқыстарды тазарту қажет. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық акциясы өтуде. Таза қала, таза ауыл, таза дала бізден басталатынын түсіну қажет. Қымбатты жерлестер! Елімізді, өңірімізді, қаламызды жақсартайық. Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!