Биыл жыл басынан бері облыс аумағында 254 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Қаскөйлер халықтың сеніміне кіріп, азаматтарды алдаудың жаңа әдіс- тәсілдері мен схемаларын ойлап табуда.


Қазір уақытта интернет алаяқтықтың кең таралған түрі жалған қаржылық жоба. Мұндай жағдайларда алаяқтар Instagram, YouTube сынды танымал әлеуметтік желілерде жарнама орналастырады, онда олар халықты тиімді ұсыныстармен қызықтырып белігілі бір акцияға немесе жобаға ақша аударуын сұрайды. Қаскөйлер бастапқы кезеңде аз мөлшерде ақша төлеп, сондай-ақ жалған қағаздар жіберіп пайыздық мөлшерлемелердің артқанын айтады.


ВИТАЛИЙ ПОДЧЕРНИН. СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Петропавлдың 38 жастағы тұрғыны наурыз айында YouTube бейне хостингінде инвестиция салуды ұсынатын жарнаманы көрген, сілтеме бойынша ол сауалнаманы толтырады. Аздаған уақыттан кейін онымен Телеграм әлеуметтік желісінен белгісіз азамат байланысып, арнайы инвистициялық жобаға 990 мың теңге енгізу керек екенін алға тартқан. Жәбірленуші аталған соманы төлеген. Петропавл тұрғыны өзінің қаржысы өскенін байқаған, бірақ есеп шоттан ақшаны шешу мүмкін емес екенін түсінеді. Ал онымен байланысқа шыққан адам Телеграм парақшасын өшіріп жазған хаттарға жауап беруін доғарады. Егер адам дәл осындай алаяқтардың құрбаны болса, дереу жақын маңдағы полиция бөліміне немесе 102 пульті мен 102-қосымшасы арқылы хабарласу керек. Сондай-ақ, Интернет желісіндегі алаяқтықтың жаңа схемалары, полиция департаментінің жүргізіп жатқан жұмысы туралы барлық ақпаратты Instagram cyberpolice_sko әлеуметтік желісіндегі парақшамызға жазылу арқылы біле аласыз, онда біз өзекті ақпаратты тұрақты негізде жариялаймыз.