Тимирязев ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Бұл күні мектеп гимназиясының оқушылары білім ордасының маңына 65 қайың көшетін отырғызды. Ал аудан орталығы ұйымдарының өкілдері көпірді сырлады. Жастар ресурстық орталығының еріктілері де бұл істен шет қалмай, жалғызілікті әйел Тамара Рашевскаяға қолғабыс етті. Ал аудандық аурухана ұжымы тасқын судан зардап шеккен әріптестері Анастасия Лукьяноваға көмектесті. Сондай ақ аумақтарды абаттандыру бағдарламасы бойынша стихиялық полигондарды жою жұмыстары да жүргізілді. Сенбілік соңында акцияға қатысушыларға ыстық шәй, дәмді ботқа, бауырсақ ұсынылды.