Облыста су тасқынына байланысты адамдарды ит қабу фактісі жиілеген. Өткен төрт айда өңірде құтырма ауруына қарсы көмекке жүгінгендер саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 11,8 пайызға өскен. Бұл туралы бүгін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары хабарлады.


Өткен төрт айда 236 солтүстікқазақстандық құтырма ауруына қарсы мамандардың көмегіне жүгінген. Олардың 155-ін яғни 65,7 пайызын ит қапса, 69 адам мысықтардан, 1-еуі түлкіден және 6 адам жылқыдан және қалған 5 өңір тұрғыны тышқандар мен егеуқұйрықтардан зардап шеккен. Құтырма ауруына қарсы ең көп жүгіну яғни 18 жағдай Ғ.Мүсірепов ауданында тіркелген. Тағы 5 факті Ақжар ауданыда,Айыртауда – 11, Есілде – 7 , М.Жұмабаевта – 3, Тайынша ауданында 6 факті анықталған.


ЮЛИЯ ГАЙСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Құтырма ауруына қарсы көмек көрсету туралы өтініштердің барлығына эпизоотиялық және эпидемиологиялық тексерулер жүргізілді. Өтініш бергендердің 236-сы екпе алды. Құтырма – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, вакцинамен басқарылатын зоонозды вирустық ауру. Клиникалық симптомдар сатысында оның өлімі 100% құрайды. Адамдарға құтырма вирусы 99% жағдайда иттерден жұғады»


Сондай-ақ, су тасқыны кезеңінде жануарларды уақытша ұстау орындарында ит тістеген 14 ерікті мен құтқарушылар травматология бөліміне көмекке жүгінген. Жалпы 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облыста құтырма ауруына қарсы жүгінгендер саны едәуір өскен.


ЮЛИЯ ГАЙСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Өңірде құтырма ауруына қарсы көмекке жүгінгендер саны 11,8 пайызға өсті. Жалпы құтырма ауруына қарсы ем жоқ. Сол себепті, аурудың алдын алу тек вакцинация арқылы мүмкін болады. Профилактикалық вакциналарды организм өте оңай қабылдайды. Тек вакцинация кезеңінде дәрумендер мен ақуыздарға бай күшейтілген тағамдарды жеу ұсынылады. Сонымен қатар, бұл кезде алкогольді ішімдік ішуден бас тарту керек.


Жануарлар қапқан немесе зақымдаған жағдайда мамандар сол жерді дереу кем дегенде 15-20 минут сабынмен жуып, жараның шеттерін 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбаларымен өңдуге кеңевс береді. Кейінен мүмкіндігінше тез медициналық мекемеге жүгіну керек.