Есіл ауданының кәсіпорындары 2022 жылы 352 тонна ет, 3 283 ұн , 350 нан , 681 тонна макарон өнімдерін өндірді. Сүт өндірісі 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 4 мың тоннаға, ет 602 тоннаға , жұмыртқа өндірісі 560 мың данаға ұлғайған. Жыл басынан жеке аулаларда 24 340 тоннадан астам сүт өндірілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Медет Оспанов айтып берді.


Есіл ауданында қазір 3 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 10,2 млрд.теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде "Атамекен-Агро-Корнеевка" серіктестігінде "голштино-фриз" тұқымды 1350 сиырға арналған сүт-тауар фермасын салу жұмыстары басталды. Жобаның құны 11,5 млрд теңге. Бұл ферма жылына 6000 тонна сүтті өндірмек, осылайша өнім көлемінің 16,6% - ға ұлғаюын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар ауданда өсімдік шаруашылығы бойынша Инновациялық бірқатар жобалар әзірленген.


МЕДЕТ ОСПАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: