Петропавлда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы жариялаған «Бір ел – бір кітап» акциясының қорытындысы ретінде «Алаштың Ахметі» атты оқырмандар конференциясы өтті. Онда ғұламаның шығармашылығы дәріптеліп жастар қауымына ұсынылды. Бейнематериалға назар аударайық.


Алаштың Ахметі. Бұл бүгінгі оқырмандар конференциясына арқау болған ғалым, Алаш қайраткері - Ахмет Байтұрсынов жайында. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы. Қазақ халқының рухани көсемі болып, қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.


ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Конференцияға ҚР Ұлттық ұланы академиясының оқытушылары, Байтұрсынов атындағы мектеп, гимназия және колледж студенттері қатысты. Оқытушылар көпшілікке өздері дайындаған ұлы тұлға туралы баяндамаларын ұсынды. Ұлттық ұлан академиясының тілдік дайындық кафедрасының аға оқытушысы - Венера Зейнинаның айтуынша бұл іс- шараның кез-келген ел азаматы үшін маңызы зор.


ВЕНЕРА ЗЕЙНИНА, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫ ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

-  Болашақ офицерлер Ұлттық ұлан академиясының курсанттары отан қорғаушылар болғандықтан олардың отан алдындағы міндеті екі есе. Сондықтан осындай ұлттың зиялы қауымы - Ахмет Байтұрсынов, биылғы жылы мерейтойы тойланып жатқан – Мұхтар Әуезов сынды ғұламаларымызды үлгі етеміз. Әдеби кештер өткіземіз. Сабақта мысал етіп айтамыз. Осы бағытта жұмыстар жасаймыз. 


Еске сала кетейік биыл ұлт ұстазы – Ахмет Байтұросыновтың туғанына 150 жыл толып, бұл күн ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізіміне енгізілді.



Айнұр Досан