Эверестке жеткен велосипедші – Петропавлда!
Велосипедпен Эвересттің базалық лагеріне дейін жетіп, 446 күн бойы жолда жүрген белгілі саяхатшы Денис Желнин бұл жолы өз елімізді жаңа қырынан тануға бет алды. Әлемнің тыныштығы мен табиғатын екі дөңгелекті көлікпен аралап көруді мақсат еткен велотурист қазір Солтүстік Қазақстан өңірінде жүр.
Денистің саяхатшылық жолы 2015 жылы бастау алды. Дәл сол жылы ол өзінің тұңғыш екі дөңгелекті тұлпарын велосипедін сатып алып, көршілес мемлекеттерге алғашқы сапарын жасады. Жаңа әлемді тануға деген құштарлық бірте-бірте үлкен мақсатқа ұласып, кейіпкеріміздің жүрегінде асқақ арман - Эверестке жету арманы пайда болды.
СНХ: ДЕНИС ЖЕЛНИН, ВЕЛОСАЯХАТШЫ
Эвересттің базалық лагеріне дейін бір жарым жыл жол жүріп, мыңдаған километрді велосипедпен бағындыру — кез келген адамның қолынан келе бермейтін ерлік. Алайда бұл сынақтан өткен саяхатшы Денистің айтуынша, мұндай сапарда тек физикалық емес, моральдық дайындық та керек.
СНХ: ДЕНИС ЖЕЛНИН, ВЕЛОСАЯХАТШЫ
Денис қазіргі уақытта Қазақстан қалаларын велосипедпен тізбеkтей аралап, туған жердің кең алқаптарын жаңа қырынан танып жүр. Ал оның табанды саяхатындағы келесі нүкте - Қостанай қаласы болмақ!