Орақты алғашқылардың бірі болып аяқтады
Жамбыл ауданындағы Преснов ауылдық округінде орналасқан «Аманжол» шаруа қожалығы биылғы орақ науқанын аудан бойынша алғашқылардың бірі болып аяқтады. Қожалық биыл 4 мың гектар алқапты игерген. Күзгі жиын-терімде диқандар әр гектардан орта есеппен 18-20 центнерден өнім жинапты. Қазір мұнда қамбаға жеткізілген астық тазартылып, сатылыммен сақтауға әзірленіп жатыр. Сондай-ақ қырман басында шаруашылық, өз үлескерлеріне тиесілі пай таратуды да бастап кетті.
Шаруа қожылығы меншігіндегі егіс алқабының көлемі 4 мың гектарды құрайды. Оның басым бөлігіне бидай мен арпа егілсе, қалғанына майлы және бұршақ тектес дақылдар отырғызылады. Көктемгі дала жұмыстарының уақтылы басталғандығы күзгі орақ науқанын да кестеге сай жүргізуге мүмкіндік берсе, жаздың аптап ыстығы астықтың ерте пісіп жетуліуне оң әсерін тигізді. Сондықтан диқандар науқанды белгіленген межеден шамамен 20 күнге ерте бастаған. Қазіргі таңда қожалық бітік шыққан астықты шашау шығармай толығымен жиып алды. Оның бәрі күндіз-түні еңбек еткен майталман механизаторлар мен мықты машина-трактор паркінің арқасы дейді қожалық басшысы.
СНХ: Әсем Мағжанова – қожалық басшысы
Аталмыш қожалық 1999 жылы құрылған. Алғашында оған Әсем Бахытқызының қайын атасы, кейін жолдасы басшылық етеді. Алайды олар өмірден озған соң шаруашылықты сақтап қалу тұрғысында оған жетекшілік етуді Әсем Мағжанова өз қолына алып содан бері отбасылық кәсіпті жалғастырып келеді. Ерінбей еңбек етемін деген жанға мемлекет тарапынан қашан да қолдау бар. Оны өз басым айқын сезініп отырмын дейді Әсем Бахытқызы.
СНХ: Әсем Мағжанова – қожалық басшысы
Қожалық танаптарындағы гектар берекелілігі орта есеппен 18-20 центнерден айналған. Орақ науқанын 100 пайыз тәмамдаған олар қазір қырманға үйілген астықты тазартып сатылыммен сақтауға даярлап, үлескерлердің пайларын да таратып жатыр. Соны алуға келгендерді бірі Владимир Волков. Зейнеткер кезінде өзі де осы қожалықта қыруар жыл еңбек етіпті.
СНХ: Владимир Волков – ауыл тұрғыны
Ауа-райының қолайлы мезгілін ұтымы пайдаланған шаруашылық орақ науқанымен егіннен босаған алқаптарды өңдеу жұмыстарын қатар жүргізген. Осылайша олар қазіргі күні күзгі дала тұмыстарын толығымен аяқтап отыр.