Есіл ауданының тұрғыны жан рахаты үшін жылыжай баптайды
Есіл ауданының тұрғыны үшін зейнетке шығу- еңбек жолының аяқталуы емес, керісінше, сүйікті ісіне бар ынтасымен ден қоюдың мүмкіндігі. Көп жылдар бойы агроном мамандығы бойынша табысты еңбек еткен Геннадий Викторов үшін жермен жұмыс істеу, өсімдіктерді баптау және болашақ өнімге қамқорлық жасау өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.
Бүгінде Геннадий Викторович уақытын сүйікті ісіне арнап, бау-бақша мен жылыжайды үлкен ықыласпен баптап жүр. Ерте көктемнен бастап топырақты дайындап, көшет өсіріп, әрбір өсімдікке ерекше күтім жасайды. Ол кішкентай өскіндердің бірте-бірте мықты бұтаға айналып, мол өнім беретінін көруді қызық көреді. Әсіресе, бақшаның төрінен бұрыштарға ерекше орын берілген. Бүгінде Геннадий Викторовичтің алқабында әртүрлі сорттағы, пішіндегі және көлемдегі бұрыштар қаптап өсіп тұр. Қарапайым ғана бұрыш өсіру ісі уақыт өте келе оның нағыз хоббиіне айналды. Тәжірибелі маман әрбір өсімдікке аса мұқият қарап, күтіп-баптаудың барлық қыр-сырын жақсы біледі. Сол арқылы әрқашан жоғары өнім алып келеді.
СНХ: ГЕННАДИЙ ВИКТОРОВ, ПЕТРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ