Негізгі Жаңалықтар Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды

Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды

Петропавловлда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды. Мұнда балалармен бірге уақытша тұрып, мамандардың көмегін алуға болады. Орталық 50 орынға шақталған және өңірдің барлық түкпірінен келген әйелдерді қабылдауға дайын. 

Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге арналған дағдарыс орталығы өз жұмысын бастады. Мұнда мамандардан көмек алып, қауіпті жағдайдан уақытша пана табуға болады. Жаңа нысан өңірлік қолдау жүйесіне енді. Орталықты облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов аралап шықты.

Орталық 50 орынға шақталған. Мұнда әлеуметтік, заңгерлік және психологиялық көмек көрсетіледі. Мамандар үшін арнайы кабинеттер жабдықталған. Психолог, әлеуметтік педагог, балалар тәрбиешісі және медицина қызметкері еңбек етеді. Балалар үшін ойын алаңы мен оқуға арналған кеңістік қарастырылған. Сондай-ақ асхана, демалыс және бос уақытты өткізу аймақтары бар. Көмек сұрап өңірдің кез келген ауданынан әйелдер жүгіне алады. Орталықта алты айға дейін уақытша тұруға болады.

СНХ: АЙНҰР ШӘЙМЕРДЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу