Петропавлда бос орындар жәрмеңкесі өтті
Еңбек жолын қайдан бастаған жөн және жас маманға қойылатын талаптар қандай? Петропавлда «Жастар және мансап: бастау мүмкіндіктері» тақырыбында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мұнда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, өз қалаған саласы бойынша мансап жолын жоспарлауға мүмкіндік алды.
Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған жәрмеңкенің басты мақсаты — жастар мен оқу бітірген түлектерге тұрақты жұмыс табуға қолғабыс ету. Жәрмеңке аясында арнайы консультациялық аймақ жұмыс істеп, жастарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері түсіндірілді. Өңірдегі өзекті бос жұмыс орындардың толық тізімін ұсынған ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі міндетіне тоқталды.
СНХ: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА - ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жиында жастарды жұмыспен қамтудың тиімді тетіктері сөз болды. Соның бірі - еңбек жолын енді бастаған түлектерге үлкен қолдау болатын арнайы жобалар. Бүгінде бұл бағдарламаға мемлекеттік мекемелер де, жеке сектор да белсене қатысуда. Жұмыс беруші тарап өкілі бағдарламаның артықшылықтарын былайша тарқатты.
СНХ: ТАТЬЯНА АДИЛОВА - МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ
Жәрмеңкеге келгендердің арасында өз мамандығын мүлдем басқа салаға бұрғысы келетіндер де бар. Мысалы, кондитер мамандығын меңгеріп жатқан бойжеткен спорт саласында бағын сынап, өзін фитнес-жаттықтырушы ретінде дамытқысы келеді.
СНХ: АЙДАНА ИСТАЕВА – СТУДЕНТ
Жыл басынан бері өңірде 70-тен астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Өткен 8 айдың ішінде Жастар ресурстық орталығына 912 азамат өтініш білдірсе, соның 544-і тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесі бағдарламасына қатысушыларға мемлекет тарапынан 129 мың 750 теңге көлемінде айлық жалақы субсидияланады. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік әрі кәсіби мансапқа жасалған алғашқы нық қадам.