«Ашық есік күні»: жас сақшылар полиция қызметімен танысты
Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Жас сақшы» полиция бағытындағы сыныптардың оқушыларына СҚО ПД-де ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мағжан Жұмабаев ауданында «Жас сақшының» үш жаңа сыныбы небәрі екі апта бұрын ашылған болатын. Осы уақыт ішінде оқушылар аудандық полиция бөліміне барып, заманауи техникамен және криминалистің жұмысымен танысты. Ал осы аптада олар үшін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Жедел басқару орталығында оқушылар «102» арнасына қоңырауларды кім қабылдайтынын және полиция қызметкерлерінің оқиға орындарына нарядтарды қалай жіберетінін көрді. Музейде олар қызмет тарихымен, еңбегі сіңген қызметкерлердің жеке заттарымен, қылмыс жасау құралдарымен және басқа да жәдігерлермен танысты.
Кинологиялық қызмет орталығына және қалалық патрульдік полиция батальонының кавалериялық бөлімшесінің орналасқан жеріне бару ерекше қызығушылық тудырды. Мектеп оқушылары иттерді үйрету қағидалары туралы біліп, қызметтік-іздестіру иттерімен жұмыстың қалай ұйымдастырылатынын білді.
Жаңа «Жас сақшылары» алда ант қабылдайды, сондай-ақ оларға «ARLAN» спорт клубы мүшелерінің карточкалары табысталады, полиция қызметкерлерімен сабақтар және сала ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. .